Ресейде екі шымкенттік бизнесменді ұрлап әкетті - БАҚ

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат -  Ресейде екі шымкенттік бизнесменді ұрлап әкетті.

Бұл туралы«Экспресс К» (авторы - Варвара Соловей) басылымы жазды.

Қазақстандық кәсіпкерлер мал мен бөренелер сатып алу үшін Барнауылға келген болатын. Кәсіпкерлер 15 мамырда қаланың теміржолында жеке тұлғалары анықталмаған 3 белгісіз ер адаммен кездескен. Олар тауар алуға бірге кеткен.

Алтай өлкесіндегі тергеу комитетінің өкілі Людмила Рязанцева хабарлағандай, қарақшылар Павловск - Ребриха тас жолында, орман алқабында қазақстандықтарды күтіп алып, оларды әбден сойылмен соққан. Кейін ағашқа байлап қойып, ақша талап еткен. Рязанцеваның сөзіне қарағанда, қылмыстың қалай жасалғандығын кепілдікке алынғандардың біреуі айтқан. Оның сөзіне қарағанда, серіктесі өзін босатуы үшін қаскөйлерге 20 мың доллар беруге уәде еткен. Осыдан кейін  әлгілер оны белгісіз бағытқа алып кеткен. Ал орманда қалған екіншісі  қолдарын шешіп, полиция келген.

Қарақшылар алып кеткен кәсіпкердің жағдайы әзірге белгісіз. Оны іздестіру  жұмыстары жүргізіліп жатыр.