Ресейде Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған күнін атап өтпек
10:21, 07 Шілде 2010
АСТАНА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Мемлекеттік дума бірінші оқылымда қыркүйектің 2-сі - «Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған күні» туралы заң жобасын қарайтын болады.
Қыркүйектің екісі әлемнің көптеген елдерінде Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғаны күні ретінде аталып өтіледі. Қорғаныс жөніндегі комитет заң жобасын бірінші оқылымда толығымен қабылдауды ұсынды.