Ресейде ережесіз жекпе-жектен өткен турнирде қазақстандықтар қалай өнер көрсетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресей астанасында ережесіз жекпе-жектен Абдулманап Нурмагомедовты еске алуға арналған турнир өтті. Спорт бәсекесіне қазақстандық 7 спортшы қатысты, деп хабарлайды Sports.kz.

Шараны Fight Nights Global және Gorilla Fighting Championship промоутерлік компаниялары ұйымдастырды. Бүгін аталмыш жарыстың нәтижелері белгілі болды.

Сұлтан Жолдошбек (8-1) — Грант Акопян (Ресей, 4-2) – Жолдошбек бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Азамат Марқабаев (6-3) — Никита Балтабаев (Ресей, 8-5) — Балтабаев төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

Дархан Бакенов (2-0) — Владимир Брик (Украина, 4-6) — Бакенов бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Сәбит Жүсіпов (10-3-1) — Рилдечи Диас (Бразилия, 24-12) — Жүсіпов үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Гойти Дазаев (10-2-1) — Максим Буторин (Ресей, 15-3-1) — Дазаев үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Мұратбек Қасымбай (10-3) — Мухаммед Эминов (Ресей, 13-1) — төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Эминов жеңіске жетті.

Дәурен Ермеков (14-5) — Владимир Минеев (14-1-1) — Минеев үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.