Ресейде есірткі зертханасын ұйымдастырды деген күдікпен қазақстандық ұсталды
АСТАНА. KAZINFORM – Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдарының қызметкерлері Ресей Федерациясының Свердлов облысында Қазақстан азаматын ұстады.
Ол еліміздің аумағында есірткі зертханасын ұйымдастырған.
— Ұсталған азамат 2024 жылы облыс аумағынан жеке үй сатып алып, онда аса ірі көлемде «мефедрон» есірткісін өндірген, — делінген Павлодар облысының прокуратурасы хабарламасында.
Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
— Қазіргі уақытта прокуратура күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау шараларын жүргізіп жатыр, — делінген хабарламада.
Бұл қылмыс 12 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.
Айта кетелік Испаниядан есірткі тасымалдаған қазақстандық 16 жылға сотталған еді.