Ведомство берген ақпаратқа сай, 2020 жылдың қазанынан бастап ресейлік БАҚ пен ақпараттық ресурстарды әлеуметтік желі тарапынан кемсітудің 26 жағдайы тіркелген.
«2022 жылдың 4 наурызы күні Ресей Федерациясының аумағында Facebook әлеуметтік желісін (Meta Platforms, Inc. компаниясының иелігінде) блоктау туралы шешім қабылданды», - делінген ведомство хабарламасында.
Сонымен қатар Ресейде Twitter әлеуметтік желісінің жұмысы тоқтатылды.
Роскомнадзор қызметінің ақпараты бойынша, Twitter шектеу Ресейдің федералдық заңының «Ақпарат, ақпараттық технологиялар және ақпаратты қорғау туралы» 15.3-бабының негізінде қойылды.
08:02, 05 Наурыз 2022
Ресейде Facebook пен Twitter әлеуметтік желілері бұғатталды
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Роскомнадзор Ресей аумағында Meta компаниясына тиесілі Facebook пен Twitter әлеуметтік желілерін блокқа қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.