Ресейде футбол клубының автобусы жоғалып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Новокузнецкіде футбол клубының автобусына іздеу жарияланды, деп хабарлады novokuznetsk.su

«Neoplan Cityliner» маркалы көлік банкке кепілге алынған. Айта кетейік, бұдан бірнеше күн бұрын футбол клубының банкротқа ұшырағаны жарияланып, кәсіби статусынан айырылған еді.

Автобустың қайда екенін білетін тұлғаларға полицияға хабарласуды сұраған. Хабарландыру сайтында аталған маркадағы автобус құны 1,5- 6 миллион руль аралығында екені жазылған.