«Газ қызметтері жұмыс істеп жатқан төрт қабатты үйде жарылыс болды. Үйден 13 адам шығарылды. Олар уақытша басқа жерге орналастырылды», - деді РФ ТЖМ Бас басқармасынан.
Агенттіктен үш кіреберістің қабатаралық жамылғысы бұзылғанын айтты, алдын ала дерек бойынша, 4-ші қабатқа дейінгі аралықта орналасқан 12 пәтер қираған.
Медицина орталығында, алдын ала дерек бойынша, жарылыс салдарынан екі адам қаза тауып, 8 адам жарақат алғанын хабарлады. Оқиға орнында өрт сөндіру, құтқару бөлімшелері жұмыс істеуде.