Ресейде гемофильді инфекция мен қызылша ауруы өршіді

МӘСКЕУ. KAZINFORM - 2025 жылдың қорытындысы бойынша Ресейде гемофильді инфекциямен тіркелген науқас санының өсуі көпжылдық орташа деңгейден 19,3 есе асып түсті. Сондай-ақ қызамық, қызылша, тұмау және басқа да инфекциялық аурулар жағдайларының артқаны тіркелді. Бұл туралы ресейлік БАҚ Роспотребнадзордың деректеріне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады агенттік тілшісі.

Фото: pexels

Мәліметке сәйкес, көпжылдық орташа көрсеткіштерден асу деңгейі қызамық бойынша – 5,6 есе, менингококк инфекциясының жайылған түрлері бойынша – 2,5 есе, листериоз бойынша – 3,3 есе, тұмау бойынша – 6 есе, ауруханадан тыс пневмония бойынша – 1,5 есе, пневмококкты пневмония бойынша – 2 есе, Ку қызбасы бойынша – 1,9 есе, норовирустық инфекция бойынша – 1,8 есе, энтеровирустық инфекциялар бойынша – 2,4 есе болды. Ал қызылша бойынша көрсеткіш орташа деңгейден 2,1 есе жоғары болған.

Жалпы алғанда, өткен жылы елде инфекциялық және паразиттік аурулардың 35,7 миллион жағдайы тіркелген. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен (36,1 миллион жағдай) 9,3%-ға төмен.

Бұған дейін Қазақстанда қызылша ауруының бес мыңнан астам жағдайы тіркелгені хабарланған болатын.