Құтқарушылар үйінділердің арасынан үш адамды шығарып алды, соның біреуі мерт болды.
«Қазір екі адам ауруханада жатыр», - деді қала мэрі Анатолий Локоть.
Оның айтуынша, үйінді астында қалған жұмысшыларды табуға кинологтардың көмегі тиген.
Айта кетсек, оқыс оқиға сәрсенбі күні стансада жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде болған. Құлаған қабырғалардың жиынтық ауданы шамамен 35 шаршы метрдей.
Апаттың себебі анықталуда.