Ресейде ғимаратқа соғылған шағын автобуста бір адам қаза тапты, 10 адам зардап шекті

Фото: None
ПЕРМЬ. ТАСС – ҚазАқпарат – Ресейдің Пермь қаласында бағдарлық шағын автобус көшедегі ғимаратқа соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Бастапқы мәліметбойынша, Пермь қаласының Новогайвинский көшесінде №53 бағдардың автобусы ғимаратқасоғылды», - деп хабарлады өңірлік ІІМ баспасөз қызметі.

Жол апатынан бірадам қаза тауып, 10 адам жарақат алған. Қазіргі уақытта сол жерде полицияқызметкерлері жұмыс істеуде.

Өңірлік денсаулықсақтау министрлігі мәліметінше, зардап шеккен 10 адамның бесеуі бала. Олардыңжағдайы орташа ауыр деңгейде.

Соңғы жаңалықтар