«Біз еліміздегі халық санынан айтарлықтай айырылып жатырмыз. Төрт айда халық санының табиғи кемуі 149 мың адамды құрап отыр. Бұл бізде туу көрсеткіші төмендегенін және адам өлімінің біз қалағандай қарқынмен азайып жатпағанын білдіреді», - деді ол.
Вице-премьер Ресейдің көптеген өңірлерінің онкологиялық және жүрек-қан тамыр аурулары, сондай-ақ жол-көлік оқиғасынан болған өлім-жітімнің сыртқы себептеріне байланысты көрсеткіштерді саналы түрде төмендетіп көрсеткенін айтты.
«Сапалы көрсеткіштер үшін еліміздің көптеген өңірлері үздік статистика көрсетті», - деп атап өтті Голикова.
Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі мен үкіметтің әлеуметтік блогы адам өліміне байланысты талдау жүргізілген жағдайларды сынға ала бастаған соң көрсеткіштер өсе бастаған.
Ол осыған байланысты федералдық медициналық ұйымдардың жағдайды талдауға белсенді қатысулары тиіс екенін атап өтті.