Ресейде хайуанаттар қосынында өрт шығып, аң-құстар қырылып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Иркутск қаласында 17 қаңтарға қараған түні Орталық саябақта орналасқан зоогалереяда шыққан өрт себебін Құтқару және құқық қорғау қызметінің қызметкерлері анықтап жатыр, деп хабарлады lifenews.ru.

Болжам бойынша, от касса маңында шыққан. Кейін жалын қаптамаға көшкен.

- Сирек кездесетін жануарлар болған ғимаратта жалынның күшті болғаны соншалық, ондағы көптеген хайуан қырылды. Қырылған жануарлар мен құстардың нақты санын айта алмаймын, әзірге білетініміз оншақты, - деді зоогалерь директоры Людмила Ивушкина.