ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары Ресейде іздеуде жүрген қылмыскерді құрықтады.
«Криминалдық полиция басқармасы, Шемонаиха аудандық ПБ және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі бірлесіп жедел-іздестіру шаралары барысында 41 жастағы әйелді анықтады. Ресей Федерациясының тұрғыны республиканың мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде ұсталды», - делінген ақпаратта.
Белгілі болғандай, ресейлік әйел өткен жылдың қыркүйек айынан бері РФ құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген. 2021 жылдың қазан-қараша айлары аралығында жалға алынған тұрғын үйдің мүлкін ұрлап кеткен.
Қазіргі уақытта әйел адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Прокуратурамен бірге оны экстрадициялау мәселесі шешілуде.