Ресейде қабылан ер адамды талап өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу маңындағы Истринский ауданында қабылан ер адамды талап өлтірді. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі Мәскеу облысының ІІМ қалалық басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Обновленный Труд кентінде жыртқыш ер адамды талап өлтірді», - деп мәлім еткен баспасөз қызметі.

ТАСС-тың құқық қорғау органдарындағы ақпарат берушісінің айтуынша, жеке меншік хайуанаттар бағының біріндегі қабылан темір торға жыртқышты тамақтандыру үшін кірген қызметшіге тарпа бас салған.

Жыртқыш адамға ұмтылып, оның мойнынан тістеген. Бұдан кейін қабылан тордан шығып қашып кеткен. Алайда бірнеше сағаттан соң ол ұсталып вольерге қамалды.

Қазір оқыс оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.