Ресейде қала тұрғындары тұрғын үйге жақын тұстан жолбарысты көрді
Бүгін түнде Ресей ІІМБ кезекшілік бөліміне сол қаланың 2 тұрғыны Рудневский көпірі ауданында Выселкова көшесінде, сонымен қатар Бородинская - Иртышская айналма жолында жолбарысты көргенін хабарлады. Оқиға орнына полиция жасағы мен аңшылықты бақылау тобы жөнелтілді. Мамандардың пікірінше, бұл қазан айының басында Артем қаласында көзге түскен жолбарыс болуы мүмкін. Ол кезде оны іздеу жұмыстары еш нәтиже бермеген.
«Жердің сазды болуы мен жапырақтар көп түсуі салдарынан жыртқыштың ізі табылмады. Мамандар аумақты квадрокоптермен тексеріп жатыр. Жолбарыс анықталған жағдайда тас жолдар жабылып, Уссурийсктен қосымша жедел топ шақырылады», - деді Приморье аңшылықты бақылау департаменті директорының орынбасары Алексей Суровый.
Ол жолбарысты көрген жергілікті тұрғындар болса полицияға немесе аңшылықты бақылау департаментіне хабарласуын сұрады.