Бүгін сағат 18-дер шамасында Красное село қаласының полициясына Ленин даңғылы 102 үйде белгісіз біреу жолдағы көліктерге оқ жаудырып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Атыс салдарынан екі шағын автобус зақымданған. Жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері атыс пәтерлердің бірінен болғанын анықтады. Пәтерден полицейлер пневматикалық тапанша мен оқтар салынған ыдыс тапты. Күдікті бой тасалап үлгерген. Қазір полиция аталмыш факті бойынша тексеру жүргізуде. Пәтер тұрғындарының кім екендері анықталуда, piter.tv