Қар көшкіні астында қалған туристік топ құрамындағы 9 адамның 7-еуі көз жұмған, екеуі аман қалған.
Агенттіктің хабарлауынша, туристер байланыс нашар аумақта жүрген. Көшкіннен аман қалған екі турист оқиға орнына жақын Қосағаш елдімекеніне жеткізілген.
Белгілі болғандай, туристер Алтайға Новосібірден келген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.