Бұл туралы сыртқы саяси ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.
«Өздеріңізге белгілі болатындай, Ресейде қаза тапқан ҚР азаматшасының туыстары денені Қазақстанға жеткізу бойынша тиісті шараларды рәсімдеу мақсатында Мәскеуге келген болатын.
ҚР Мәскеудегі Елшілігінің қызметкерлері оның денесін елімізге жеткізу бойынша қажетті құжаттарды рәсімдеуде қолғабыс көрсетуде.
6 желтоқсан күні DV 801 Мәскеу-Шымкент рейсімен Б.Нажапованың денесі Шымкент қаласына жеткізіледі деп күтілуде.
Біздің азаматшамыздың денесін Қазақстанға жеткізуге қажетті қаржы шығындарын ҚР Сыртқы істер министрлігі өз мойнына алатын болады», - делінген ҚР СІМ-нің баспасөз хабарламасында.