Ресейде Қазақстан азаматтары мінген көлік жол апатына түсіп, бір адам мерт болды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Ресейдің Астрахань облысында Қазақстан мен Ресей азаматтары отырған көлік жол апатына ұшырады. 1 адам мерт болып үш адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жол-көлік оқиғасы Ресейдің Астрахань облысы Камызяк ауданында болған. 26 жастағы Қазақстан азаматы басқарып келе жатқан көлік аударылған. Көлікте жүргізушіден өзге 3 адам болған. Олардың біреуі Қазақстан азаматы болса, екеуі ресейлік. Жол апатының салдарынан 30 жастағы ресейлік мерт болды, қалған екі жолаушы жарақат алды»,-деп хабарлады Астрахань24 телеарнасының редакциясынан ҚазАқпарат тілшісіне.

Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші көлікті басқара алмай қалған.