Бүгінде қос тарап арасында тығыз әріптестік пен тиімді қарым-қатынас орнаған. Айта кетейік, 28 сәуір күні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-сессиясы өтеді.
Ресей халықтары ассамблеясы 1998 жылы, яғни Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғаннан соң алты жылдан кейін пайда болды. Осылайша, ресейліктер мемлекеттің және ұлттық-мәдени бірлестіктердің құрылуындағы бірегей қазақстандық тәжірибені үлгі етті.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің үлкен ағамыз іспеттес. Себебі солардың тәжірибесін зерттеп, үлгі етіп жүрміз. Олардың көптеген жобалары біз үшін де, еліміз үшін де пайдалы. Қазақстан халқы Ассамблеясының арқасында елде тұрып жатқан әр түрлі ұлт өкілдері бір ананың баласындай бірлікте өмір сүреді»,- дейді, Ресей халықтары Ассамблеясы кеңесінің төрайымы Светлана Смирнова.
.Сондай-ақ ресейлік әріптестер Қазақ халқы Ассамблеясының беделіне ерекше баға беріп отыр. Бірегей институтқа Елбасының өзі жетекшілік ететіндіктен Қазақстанда ұлттық саясат мәселелеріне жіті көңіл бөлінеді.
РФ Президенті жанындағы этносаралық қатынастар жөніндегі кеңестің мүшесі Владимир Зориннің айтуынша, елде бейбітшілік, достық, ынтымақтастық қарым-қатынасы орнаған. Бұның барлығы Қазақстанның салт-дәстүріне тікелей байланысты. Және елдегі саясат пен тәжірибе де соның дәлелі.
«Біз үшін Қазақстандағы әріптестерімізбен бірге жұмыс істеу үлкен абырой. Себебі сіздер бірінші болып Қазақстан халқы Ассамблеясын құрып, бізге үлгі болдыңыздар. Екіжақты серіктестігіміз арта берсін дегім келеді»,- дейді Ресей халықтары Ассамблеясы атқару комитетінің төрағасы Назиржон Абдуганиев.
Ассамблеядан бөлек Ресейде ұлттық саясатпен Мемлекеттік Думаның ұлттар комитеті және Ұлттар федералдық агенттігі айналысады. Барлық үш департамент те Қазақстан халқы Ассамблеясымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойған.