Ресейде колониядан қашып кеткен Өзбекстан азаматы 10 жылға сотталды

Фото: Polisia.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Ер адам 2024 жылдың қазан айында Липецк облысындағы №2 колониядан қашып кеткен 6 тұтқыннан тұратын топтың құрамында болған. Қашқындардың барлығы Орталық Азия елдерінен, оның төртеуі Өзбекстаннан келген, деп хабарлайды ТАСС. 

Қашқындар 2024 жылдың қазан айының соңында Тамбов облысында ұсталды. Сол кезде полиция қызметкері іздеуде жүргендердің сипаттамасына сәйкес келетін ер адамдарды байқаған. Айыпталушы тұтқындауға қарсылық көрсетіп, нәтижесінде оң қолы сынған. Бұл жарақат орташа ауырлық дәрежесіне жатқызылады.

— Сот күдіктіні қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны 10 жылға қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарды», - делінген Тамбов облыстық прокуратурасының хабарламасында.

Өзбекстан азаматы Ресей Қылмыстық кодексі 318-бабының 2-бөлігі (қызметтік міндеттерін атқару кезінде билік өкіліне өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолдану) бойынша сотталды.

Еске сала кетейік, Өзбекстан артисінің Ресейдегі концертінен кейін бірнеше адам тұтқындалды.