«Түмен облысы бойынша Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің жедел іздестіру шарасы барысында қаладағы жеке тұрғын үйлердің бірінде ДАИШ халықаралық террористік ұйымының жақтаушылары бар деген ақпарат келіп түсті. Олар адам көп шоғырланған жерде террорлық шабуыл жоспарлаған. Қауіпті алдын алу мақсатында Түмен облысы бойынша Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі қалада контртеррористік операция өткізу туралы шешім қабылдады», - делінген Түмен облыстық федералдық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі.
Операция сағат 21:56- дан басталып қаланың Новоселов, Магнитогорская, Локомотивная көшелері мен Калининск федерациялық әкімшілік округінде жалғасқан.
Сондай-ақ, контртеррористік операция барысында адамдардың жеке куәліктері тексеріліп, қоғамдық тәртіпті сақтау күшейтілді, одан бөлек көлік қозғалыстарына шектеу қойылды.