«Ресейде коронавирусты жұқтырған тағы 11 012 адам анықталды. Вирусты жұқтырған адамдардың жалпы саны 209 688-ді құрап отыр. COVID-19-дан тағы 2 390 адам жазылып шықты. Жалпы жазылып шыққандар саны — 34 306. Коронавирус инфекциясынан 1 915 адам көз жұмды», - делінген ақпаратта.
Украинада індетті жұқтырудың жаңадан 522 жағдайы тіркелген. Осылайша, науқастардың жалпы 15 232 адамға жетіп отыр. «Бұған қоса, тағы 15 адам көз жұмған. Қайтыс болғандар саны — 391, жазылып шықты - 3 060 адам», - делінген мәліметте.