Мәліметтерге сәйкес, бір тәуліктегі өсім 1,2%-ға төмендеп, рекордтық көрсеткіш көрсеткен. Бұған дейін 1,3% деңгейінде болған. Қазіргі уақытта ем қабылдап жатқандар саны – 229546 адам.
Коронавирусқа шалдығып, жазылып шыққандар саны өткен тәулікте 12 393 адамды құрады. Бұл - инфекция басталған уақыт ішіндегі рекордтық көрсеткіш.
Деректерге сәйкес, барлығы 368 822 адам ауруханадан емделіп шыққан, бұл Ресейде коронавирус жұқтырғандардың жалпы санының 60,7% құрап отыр.
Бір тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар саны 154 адам, РФ-те жалпы инфекциядан 8513 адам көз жұмды.
Бұл – Ресейде ауру жұқтырғандардың жалпы санының 1,4 пайызы.