Осиновая речка кенті қорыққа жақын орналасқан, арасы 3 шақырым ғана.
«Біздің инспекторымызға жағадағы баржаның күзетшісі телефон соғып, өлекшіннің (жолбарыс ұрғашысы) іздерін көргенін, жыртқыштың иттердің бірін сүйреп әкеткенін хабарлады. Қазіргі кезде екі топ қорықтың аумағын тінтуде, әрі жыртқышты іздестіруде», - қорықтың аға инспекторы Юрий Кя.
Мамандар іздерді тапты, жыртқыштың табанының өлшемі 8 сантиметрге дейін жетеді, яғни ол ересек өлекшін деген қорытынды жасалды.
Амур жолбарысы Ресейдің Қиыр Шығысында өмір сүреді. Олар жойылып бара жатқан жануарлар қатарында. Қазір оның санын көбейту шаралары қабылданды, соның арқасында жыртқыштың саны 500-ге жетті.