Шараға Астрахань облысы мен Володарский аудандық білім мекемесінің басшылығы, қоғам өкілдері, жастар және оқушылар қатысады.
Күйші Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жерде 1823 жылы дүниеге келген. Топырақ бұйырған орны - Ресейдің Астрахан облысының қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер.
Құрманғазының бала кезінен - ақ ең айткыш тілі, ең сезімтал тілі қос ішекті домбыра көмейінен шығатын күй тілі еді.
Құрманғазының ғұмыр кешкен уақыты, әсіресе оң солын танып, өмір-тіршілікке белсене араласа бастаған кезі мейлінше күрделі еді. Бұл кезең патшалық Ресей жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған, әбден құныққан, шектен шыға басынған кезі болатын. Құрманғазыны суреткер ретінде айрықша даралап көрсететін қасиет - ол концептуалды күйші. Бір ұрпақ емес, екі ұрпақ емес, бірнеше ұрпақтың тағдырына ықпал ететін заманалық құбылыстарға бойлай үңіліп, ой толғау Құрманғазының рухани болмысына тән.