Ресейде құрылысы алаңынан 200 жұмысшы құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербор қаласында құрылысы жүріп жатқан сауда орталығынан 200 адам құтқарылды, деп хабарлады «РИА Новости».

«Қаладағы Шаумяна даңғылында құрылысы жүріп жатқан сауда орталығының екінші қабатындағы 320 шаршы метрді құрайтын жабынды опырылып түсті. Құрылыс алаңынан 210 жұмысшы құтқарылды», делінген қалалық құтқару қызметі таратқан ақпаратта.