Ресейде Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтары арасында жаппай төбелес болды

ИРКУТСК. ҚазАқпарат - Ресейдің құқық қорғау органдары Иркутск облысында Қырғызстан мен Тәжікстанның 500 азаматы арасында болған жаппай төбелес фактісі бойынша жедел тергеу шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: kabar.kg

Оқиға 23 маусымда Жигалов ауданының Ковыкты газ конденсаты кен орнында болған.

Ресей Федерациясындағы Қырғызстан елшілігінің кеңсесі зардап шеккендермен жедел байланыс орнатты.

Қырғыз Республикасының 5 азаматы әртүрлі дәрежеде жарақат алды, оның біреуі ауруханаға жатқызылды.

Иркутскідегі елшілік кеңсесінің консулы Қырғызстан азаматтарына консулдық-құқықтық көмек көрсету және жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу өткізу үшін оқиға орнына барды.

Бұл мәселе Ресей Федерациясының Иркутск қаласындағы Қырғызстан елшілігі кеңсесінің бақылауына алынғаны өтілді.