Ресейде Мәдениет министрлігі Третьяков галереясының директорын жұмыстан босатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Мәдениет министрлігі Ирина Лебедеваны Третьяков галереясының директоры қызметінен босату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ВВС агенттігі.

Оның орнына бұл қызметке Зельфира Трегулова тағайындалды. Ирина Лебедеваны жұмыс беруші қызметінен босатты. Ресейлік БАҚ-тың мәліметтерінше, мәдениет министрлігі тарапынан соңғы уақытта оның жұмысына сын көп айтылып келген.