«Жаңа санитарлық ережелерге сәйкес, биылғы оқу жылынан бастап сабақ кезінде ұялы телефон пайдалануға тыйым салынғанын баса айтамын. Сабақта оқушылар ұялы телефонға емес, сабаққа назар аударуы тиіс», - деді министр онлайн-конференция барысында.
«Ал егер қандай да бір төтенше жағдай болса, есіңізде болсын, біз де сабақ оқығанбыз. Бізде ұялы телефон болған жоқ. Мектепте жауапты адам бар, төтенше жағдайда ол ата-аналарға міндетті түрде телефон соғып, айтады. Мұғалім, сынып жетекшісі бар, үзіліс кезінде мектеп оқушыларымен сөйлесуге болады. Бірақ сабақта санитарлық ережелерге сәйкес ұялы телефон пайдалануға болмайды», - деп атап өтті С.Кравцов.
Ол сондай-ақ ұялы телефон пайдалану балалардың денсаулығына кері әсер ететінін, мұны ата-аналар мен мұғалімдер де ескеруі қажет екенін айтты.
Фото: media.rbcdn.ru