АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Краснодар өлкесінің Краснояр ауданында жол талғамайтын Toyota Land Cruiser көлігі мен 31 адам мінген мектеп оқушыларының автобусы соқтығысы. Бұл туралы Интерфакс агенттігі ІІМ-нің өңірлік басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жол апатының салдарынан жол таңдамайтын көліктің жүргізушісі қаза болып, оның жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Автобустан отырған жолаушылардың 12-і зардап шекті. Олардың барлығы орта деңгейдегі жарақаттарымен медицина мекемелеріне жеткізілді.
Автобуста 27 бала мен 4 ересек азамат отырған.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.