Ресейде мемлекеттік қызметкерлердің демалыс күні қысқартылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Үкіметі Мемлекеттік думаға мемлекеттік қызметкерлердің лауазымына қарамастан барлығына бірдей 30 күнтізбелік күн еңбек демалысын беру қарастырылған заң жобасы енгізілді. Мұндай шаралар ақылы демалыстарға кететін шығынды азайтады, делінген министрлер кабинетінің сайтында.

Осыған дейін РФ еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Максим Топилин үкімет мемлекеттік қызметкерлердің қосымша демалыс күндерін қысқартуға ниетті екенін айтқан.

«Заң жобасында азаматтық қызметкерлердің барлығының демалысын 30 күнтізбелік күн қылу ұсынылды», - делінген хабарламада.

Қазір мемлекеттік қызметкерлердің еңбек демалысы 30 күнді, жоғары санаттағылардың демалысы 35 күнді құрайды.

Заң жобасында азаматтық қызметтегі еңбек өтілі мен демалысының қатынасын орнату, белгіленбеген жұмыс күні үшін қосымша 3 күн демалыс беру ұсынылды.

Қазір мұндай шектеу жоқ және министрлік белгіленбеген жұмыс уақыты үшін қосымша 15 күн демалыс беріп жатыр, деп хабарлады РИА Новости.