Ямал губернаторы Дмитрий Кобылкин Пуровск ауданындағы Ми-8 тікұшағының апаты кезінде қаза тапқан және зардап шеккен вахташылардың отбасына өтемақы төлеу туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлады РИА Новости.
"Ямал губернаторы Дмитрий Кобылкин өтемақылар туралы бұйрыққа қойды. Тікұшақ апаты кезінде қаза тапқандардың отбасына - 1 миллион рубль, зардап шеккендердің отбасына - 500 мың рубль беріледі», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, Ресейдің Краснояр аймағынан Ямал-Ненецк автономды округіне қарай ұшып бара жатқан «Скол» әуе компаниясының МИ-8 тікұшағы Ямал маңындағы Уренгой ауылында апатқа ұшырады. Тікұшақта ұшқыштар мен жолаушыларды қоса алғанда барлығы 22 адам болған. Олардың тек 3-еуі ғана аман қалды. ТЖ фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазір қазақстандық дипломаттар ресейлік әріптестерімен бірігіп, марқұмдардың денесін Қазақстанға жеткізуді ұйымдастыру мәселелерін шешіп жатыр.