Ресейде оқитын қызылордалық студенттер елге оралды
Студенттерді елге қайтарумен Ресейдегі Қазақстан елшілігі айналысты. Ресейлік жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық 250 студент Ақтөбе облысының аумағындағы «Әлімбет» бақылау-өткізу бекетінен өтті. Солардың ішіндегі 41 сырбойылық студент және 2 азамат Қызылорда облысының әкімдігі тарапынан берілген автобуспен облыс орталығына жеткізілді.
Барлығы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің №5 жатақханасына орналастырылды. Бүгін барлығынан тест сынамалары алынады. Ауру белгілері байқалса, карантинге жатқызылады немесе нәтижелері теріс болып шықса, үй бақылауына алынады.
Айта кетейік, қазір сырбойылық жалпы саны 328 студент Ресей Федерациясы Үкіметінің бюджеті есебінен Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі инженерлік жоғарғы оқу орындарында білім алуда.
Бұған дейін наурыз айында олардың 62-сі елге оралып, карантиндік режим бақылауында болған еді.