Ресейде оқу жылы тұмауға байланысты кейінге қалдырылуы мүмкін

АСТАНА. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат - Егер A/H1N1 тұмауының жаңа жағдайлары соңғы күндердегідей осы қарқынмен өсетін болса Ресей мектептеріндегі оқу жылының басталуы кейінге қалдырылуы мүмкін.

Әзірше елде жаңа тұмаумен аурудың 12 жағдайы расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.