«Мәскеуде сол жауынгерлік оқиғаға қатысушылардың жақындары мен туыстары кездесіп, қаза тапқандарды еске алатын айрықша орын жасалады. Бұл шара «Біртұтас Ресей» партиясының қолдауымен ұйымдастырылуда», деп хабарлады Ресей Федерациясының «Свеча памяти» мемориалдық қоғамдық орталығының атқарушы директоры Павел Илларинов Ресей елордасында болған баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, тамыздың 7-8-і күндері Мәскеудегі Ресейдің Қазіргі заманғы тарихының мемлекеттік орталық мұражайы осындай орталыққа айналады. Ондағы іс-шара «Оңтүстік Осетия -08.08.08. - бір жылдан соң» деген атаумен өтеді.