деп хабарлады РБК агенттігі.
РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, бұған дейін өртенген үйлердің үйінділерін аршу кезінде (Нижегород облысында) бір адамның мәйіті табылды және тағы бір адам (Воронеж облысында) ауруханада қайтыс болды. Өткен тәулікте үйлер өртенген жоқ.
Бүгінгі жағдай бойынша Ресей Федерациясының барлық аумағында 843 табиғи өрт ошағы тіркелді, оның 47-сі - торфтың жануы. Өткен тәулікте орман өртінің жаңа 373 ошағы пайда болып, оның 254-і сөндірілді.
Жалпы ауданы 195 мың 834,4 мың гектарда 589 ошақ бықсып жатыр, өткен тәуліктегі көрсеткіш - 188 мың 538,8 гектарда 520 ошақ болған. Оның ішінде жалпы ауданы 71 мың 085,9 гектарды алып жатқан 291 ошақ ауыздықталды. Ал 142,907 гектар ауданда 73 үлкен өрт ошағы жанып жатыр.