Мәліметтерге сәйкес, олар асханада тамақ күтіп тұрған кезде жанжалдасып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bugun.uz сайтына сілтеме жасап.
Мәскеудің Свиблово ауданындағы құрылыс алаңында 30-дан астам Өзбекстан азаматы төбелесіп қалды.
Мигранттар тіпті арматура қолданған. Салдарынан екі адам ауыр жарақат алып, дәрігерге жүгінген.
Белгілі болғандай, төбелеске жергілікті мейрамханадағы кезек себеп болған.
Барлығы аш болғандықтан ешкім бір-біріне кезек бергісі келмеген.
Төбелесті полиция тоқтатты. Олар 35 өзбек, бір түрік және бір орысты тұтқындаған.
Төбелеске қатысқан тағы бірнеше адам іздестіріліп жатыр.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы