Ресейде парламент сайлауы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ ОСК ақпараттық орталығы өз жұмысын бастады.

Бұл Қиыр Шығыста алғашқы сайлау учаскелері ашылған уақытпен сәйкестендірілді, деп хабарлайды Интерфакс.

Орталықтың жұмысы басталғандығын ОСК басшысы Элла Памфилова жариялады.

"Адамдардың сайлауға барғанын қалаймыз. Олар өз дауыстарының сайлауда маңызды екендігіне сенсе дейміз. Барлығына сәттілік тілегім келеді», - деді ол.

18 қыркүйектегі сайлауда жетінші шақырылымдағы Мемлекеттік Дума депутаттарымен қоса 9 өңір басшысы және 39 аймақтық парламенттік сайлау өтеді. Бұдан басқа көптеген жергілікті деңгейдегі сайлау болады.