Заңға Ресей президенті Дмитрий Медведевтің тіркелмеген партиялар басшыларымен кездесуі барысында қол қойды. Жаңа ережелер бойынша, партияларды тіркеу үшін бұрынғы 40 мың адамның орнына оған небәрі 500 адам қатысса жеткілікті.
Оппозиция заңға сайлау блоктарын құруға рұқсат беруді енгізуді талап етті, өйткені тіркеу оңайлатылғаннан кейін көптеген саны аз партиялар сайлауда жеңе алмауы мүмкін. Бірақ бұл ұсыныс қабылданған жоқ.
Әділет министрлігінің хабарлауынша, қазірдің өзінде жаңадан партиялар құруға 70-ке тарта өтінім берілген.