Ресейде Партизандар күні атап өтіледі

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Ресейде жаңа атаулы күн - Партизандар мен астыртын әрекет етушілердің күні пайда болды.

Федерациялар Кеңесінің шешіміне сәйкес, «Ресейдегі жауынгерлік даңқ күндері мен атаулы күндер туралы» Федералды заңның 1-ші бабына өзгертулер енгізу туралы» Заңы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Заң бойынша, Ресейде маусымның 29-ы - Партизандар мен астыртын әрекет етушілердің күні болып белгіленді. 1941 жылы дәл осы маусымның 29-ы күні КСРО Кеңестік халық комиссариаты мен Бүкілодақтық коммунистік партияның (большевиктер) Орталық комитеті майдан шебіндегі партиялық және кеңестік ұйымдар үшін партизандық жасақтар туралы директива қабылдаған болатын. Жүздеген мың кеңес азаматтары 1941 жылы осынау қозғалысқа атсалысты, ал 1943 жылдың соңына қарай 1 миллионнан астам адам фашистік басқыншылармен партизандық күрес жүргізді.