Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде іздеудегі адамның бірі Гизатов Альибек Батырбекович (Қазақстанның тумасы, 1990 жылы туылған) Атырау облысында табылды.
Гизатовтың вахталық әдіспен кәсіпорындардың бірінде жұмыс істеу үшін республика аумағына биылғы жылдың 31 наурызында келгені анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша ол қарулы шабуылға қатыспаған.
Қазіргі кезде жасалған қылмысқа қатыстылығын анықтау үшін Гизатовты ресейлік тарапқа беру мәселесі қарастырылуда.