Ресейде полиция аюды аулада жетектеп жүрген жігітті іздеп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Ростов облысы Таганрог қалалық полициясы ғаламторға шыққан «тұрғынның бірі қалада қарғыбау таққан аюды алып шықты» деген ақпаратты тексеруде. Бұл туралы ресейлік «РИА Новости » агенттігі хабарлады.    

«Ғаламторда жігіттің қарғыбау тағып аюды жетелеп алған видеосы жарияланды. Бұл Таганрог қаласы еді», - деп хабарлайды өңірлік ІІМ.

Полиция алдымен аюдың иесін табуы керек, сосын жыртқыштың қайдан келгенін, ол айналасындағыларға қауіп төндіре ме әрі қандай жағдайда асыралып жатыр деген сұрақтарға жауап табуы тиіс.