«Бұқаралық ақпарат құралдарында 4 сәуірде Астраханьда Ресей полициясының екі қызметкері өлтірілгендігі хабарланды. Аталған қылмысқа қатысты деген күдікпен Ресейдің сегіз азаматына іздеу салынды, болжам бойынша олардың екеуі Қазақстанның тумасы. Олардың туған жері туралы ақпарат тексерілуде»,-делінген ҰҚК таратқан ақпараттарда.
Күдіктілер Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының жедел есептерінен өтпейді.
ҰҚК және ІІМ қылмысқа қатысты адамдарды іздеу мақсатында ресейлік серіктестермен қарым-қатынас орнатты, шекарадан өткізу пункттерінде бақылау күшейтілді. Аталған факті бойынша өзге қажетті шаралар қолданылуда.