АСТАНА. ҚазАқпарат - Тергеушілер Ресей ІІМ Экономикалық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бас басқармасы «Т» басқармасының басшысының орынбасары Дмитрий Захарченконың үйін тінтіді. Полковниктің үйінен 8 млрд рубльге тең валюта (шамамен 124,6 млн доллар немесе 42,1 млрд теңге) табылған, деп хабарлайды ресейлік РИА Новости агенттігі.
«Полковник Захарченконы тінту жақында аяқталды. Бастапқы санақ бойынша одан рубльге шаққанда 8 млрд болатын ірі сомадағы доллар тәркіленді», - деді агенттікке ақпарат беруші.
«Барлық байлығы белгісіз. Тек үйдегі қолма-қол ақша ғана тәркіленді, оның тағы да қандай активтері бар екенін анықтау бағытында іс жүргізілуде», - деді ол.