Ресейде пойыз вагондары рельстен шығып кетті: зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары бар ма

Фото: видеодан кадр

АСТАНА. KAZINFORM — Ресейдің Волгоград облысында жолаушылар пойызының сегіз вагоны рельстен шығып кеткен болатын. ҚР Сыртқы істер министрлігі зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді.

«Зардап шеккендер арасында азаматтарымыз жоқ», - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға ЖКО салдарынан болған.

«Қазан-Адлер пойызының сегіз вагоны рельстен шығып кетті, олардың бір бөлігі аударылып қалған. Зардап шеккендер бар. Олардың нақты саны әзірге белгісіз», - деді агенттіктің сұхбаттасушысы.