Ресейдің байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникациялар саласындағы қадағалау жөніндегі федеральдық қызметі Qiwi және Skrill ьтөлем жүйелерін тыйым салынған сайттардың біріңғай тізіліміне енгізген.
Қадағалау мекемесі екі ресурста елде таратуға тыйым салынған ақпараттар бар деп тапты. Атап айтқанда, шектелген беттерде құмар ойындарына қатысу туралы, осы ойындарға қатысу үшін ақша аудар туралы мәліметтер орналастырылған.
Еске сала кетсек, Qiwi төлем жүйесі елімізде кең таралып, көп қолданылады. Ол арқылы байланыс тұрғындар операторларының қызметін, тұрғын-үй коммуналдық қызметін және ақылы Астана-Бурабай жолының ақысын да төлеу сондай-ақ тағы да басқа электронды төлем қызметтерін төлеуге пайдаланады. Оның терминалдарын ірі ойын-сауық және сауда орталықтарынан бастап, шағын дүкендерге дейін кездестіруге болады.