Бұған Азаматтық қоғамды дамыту және адам құқықтары жөніндегі кеңестің отырысы себеп болды. Кремль сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, Ресей Көлік министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі мәселесімен тығыз айналысуы тиіс. Профильді ведомстволар мұндай шаралардың орындылығын талдап, нақты ұсыныстарын биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін ұсынуы керек.
Жеке қозғалыс құралдарының тротуарлар мен жаяу жүргіншілер аймақтарында жүруіне шектеулер енгізу, тіпті толық тыйым салу мүмкіндігі қарастырылып отыр. Олардың қатарына электр самокаттары, электр велосипедтер, скутерлер, моно дөңгелектер және басқа да осыған ұқсас құрылғылар кіреді.
Қазір электр велосипедтерге ерекше көңіл бөлініп отыр. Өйткені оларды курьерлер мен қала тұрғындары кептеліс жағдайында қысқа қашықтыққа жылдам әрі арзан бару үшін белсенді түрде пайдаланады. Дәл осы құрылғылардың тротуарларда ретсіз қозғалысы жаяу жүргіншілермен жиі жанжал туғызады.
Бұған дейін Алматыда жалға алынатын самокаттар пайдаланушыларының құқықтары мен жасы тексерілетінін хабарлаған болатынбыз.