Сот Фроловтың 2007-2010 жылдар аралығында құрылыс фирмасының директорынан 900 мың рубль (18 мың доллар) көлемінде пара алғаны туралы деректер келтірген тергеу тарапымен келісті. Тергеушілердің нұсқасы бойынша, мэр құрылысшылар орындаған жұмыстарды қабылдап, ақшаны аударуға тек осы жағдайда ғана келіскен.
Қосымша айып ретінде сотталушыға 800 мың рубль көлемінде айыппұл салынды. Іс сотталушының қатысуынсыз өтті. Себебі, ол 5 млн рубль көлемінде кепіл ақша беріп, босатылған соң, ізін суытқан. Оған халықаралық іздеу жарияланды, ал кепіл ақшасы мемлекет табысына салынды.