«Екі адамның денесі автобустан шығарылды. Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандардың ішінде 17 жастағы жеткіншек бар. Одан бөлек 5 адам жапа шекті, оның үшеуі - бала» делінген хабарламада.
Жарақат алғандардың бірі - 14 жасар қыз бала. Ол ауруханаға жатқызылған, алайда жағдайы тым ауыр.
Жапа шеккен қалған жолаушылардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.